Қызылордада Қайырымдылық күніне орай игі шара өтті

Қызылордада Қайырымдылық күніне орай игі шара өтті

«Наурызнама онкүндігі» аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай игі шара ұйымдастырылды. Аталған мерекеге орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы арнайы барып, тұрғындарды Қайырымдылық күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ізгі дәстүр аясында қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмек құндылықтары дәріптеліп, қайырымдылық жасау – халқымыздың сан ғасырдан келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі екені айтылды. Өз кезегінде тұрғындар көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың қоғамдағы мейірімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Мұндай тағылымды шаралар адамдарға құрмет көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтуға бағытталған.