
Қызылорда облысы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонының жеке құрамына арналған қызметтік даярлық сабағын өткізді. Сонымен қатар учаскелік полиция пункттеріне барып, учаскелік және ювеналды полиция инспекторларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында қызметкерлерге олардың қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі негізгі талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне арналған жадынамадағы ережелер мен маңызды нұсқаулар қарастырылып, қызмет барысында қолдану тәсілдері талқыланды. Іс-шара полиция қызметкерлерінің қызметтік дайындығын жетілдіруге бағытталды.