Полицейлер мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Полицейлер мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамуына байланысты алаяқтық әрекеттердің түрі көбейіп, олардың әдістері күрделене түсуде. Осыған орай азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сақтық шараларын түсіндіру және алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды. 🔶Осы өзекті мәселе бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімшесінің тәртіп сақшылары №176 орта мектебінің мұғалімдеріне интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 🔶Кездесу барысында интернет алаяқтықтың түрлері, қауіп белгілері және одан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Мұғалімдерге күмәнді сілтемелерден сақ болу, жеке деректерді қорғау және алаяқтық әрекеттерге қарсы дұрыс әрекет ету жөнінде маңызды ақпарат берілді. Түсіндірме жұмыстары аясында төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылады: 1. Телефон және интернет алаяқтарының әрекеті туралы ақпарат беру. – Бөгде нөмірден қоңырау шалып, банк қызметкері ретінде танысатын тұлғаларға сенбеу. – SMS немесе сілтеме арқылы жеке деректерді талап ететін хабарламаларға жауап бермеу. 2. Жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру. – ЖСН, банк картасының нөмірі, CVV-код, құпия сөздерді ешкімге жарияламау. – Әлеуметтік желілерде артық мәлімет қалдырмау. Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан ұстаздар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.