KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолының 1240–2055,5 шақырым аралығында (Ақтөбе облысы шекарасынан Түркістан облысы шекарасына дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Шектеу ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілді. Нөлден төмен температурада жауған жаңбыр мен қардың салдарынан жол беті көктайғаққа айналған. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.

Аталған автожол учаскесінде облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының 16 бағыт бойынша 32 қызметкері жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1500-ге жуық автокөлікке және 2000-ға жуық азаматқа көмек көрсетіліп, оларды қауіпсіз аймақтарға дейін сүйемелдеу ұйымдастырылды.