
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Алиұлы Заң мен Тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында қалалық №3 емханасының қызметкерлерімен кездесіп интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 🔻Кездесу барысында полицейлер киберқылмыстың негізгі түрлерін, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемаларды, сондай-ақ жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар дроппер ретінде заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, банктік карталарды, шоттарды немесе электронды әмияндарды үшінші тұлғаларға беру сияқты заңсыз әрекеттер туралы сөз қозғады. Мұндай қадамдар ауыр құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігін түсіндірді. 🔻Кездесу еркін форматта өтіп, қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.