
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында С.Әлжіков атындағы №144 мектеп оқушыларымен кезекті профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрбол Алмасұлы Күдебаев және Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Жалғасбаев Өмірзақ Жомартұлы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен сталкинг, бұзақылық, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстар, интернет-алаяқтықтың түрлері мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың берік негізі екені ерекше атап өтілді. Ашық форматта өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.