
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімі оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді. Іс-шара Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті аумағында орналасқан жарылғыш заттар сақталатын қоймаларда ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Оқу-жаттығу барысында полиция қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимылдар пысықталып, төтенше және экстремалдық жағдайлар кезіндегі әрекеттеріне баға берілді. Сонымен қатар, күзетілетін объектілерге ықтимал шабуылдарға тойтарыс беру алгоритмдері талқыланып, жедел ұтқыр топтардың іс-әрекеттері сараланды. Шара аясында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қосымша нұсқаулықтар берілді. Нысандардың инженерлік-техникалық нығайтылуына ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілер мен қару-жарақ сататын дүкендерде бірлескен оқу-жаттығу іс-шаралары жалғасып, жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.