Ағымдағы жылдың ақпан айының 21-і күні Қазалы ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Аңсатов Асылбай Шудабайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовтердің қатысуымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.
Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына тиісті ескертулер беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес профилактикалық шаралар қабылданды.
Жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған рейд жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.