Қызылорда облысында «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жобасы аясында мектеп оқушыларына заң талаптарын түсіндіру мақсатында кездесулер жалғасуда.
Облыс орталығындағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде өткен кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Бауыржан Саулебеков қатысты. Тәртіп сақшысының дәрісін 150-ге жуық оқушы барынша ұйып тыңдады.
Шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен алаяқтықтан сақтану, интернет қауіпсіздігі, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі түсіндіріліп, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау қажеттігі айтылды. Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, жасөспірімдер өз сұрақтарына нақты жауап алды.