«АЛКОГОЛЬСІЗ АУЛА» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

«АЛКОГОЛЬСІЗ АУЛА» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ


ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде 2026 жылдың 19-21 ақпан аралығында «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

🔹 «Алкогольсіз аула» – тұрғын үй кешендерінің аумағында алкогольдік өнімдерді ішуге және сатуға тыйым салуға бағытталған әлеуметтік бастама.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаттары:

✅ Қауіпсіздік – мас күйіндегі азаматтар тарапынан болатын бұзақылықтың, төбелес пен қылмыстың алдын алу.
✅ Салауатты өмір салты – жасөспірімдерге дұрыс үлгі көрсету, дені сау орта қалыптастыру.
✅ Тыныштық пен тәртіп – түнгі уақытта шудың алдын алып, тұрғындардың жайлы демалысына жағдай жасау.
✅ Тазалық – аула аумағында ішімдік бөтелкелері мен тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болдырмау.

👮‍♂️ Құрметті тұрғындар!
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз ауламызды қауіпсіз әрі таза ұстауға бірге атсалысайық. Әрбір аула – балалардың қауіпсіз ойнайтын, үлкендердің тыныш демалатын ортасы болуы тиіс.