Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылды «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жылы деп жариялауы аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылды «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жылы деп жариялауы аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылды «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жылы деп жариялауы аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы мінез-құлқына қоғамда мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ олардың және заңды өкілдерінің құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған сәйкес, ҚР ІІМ бастамасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығымен бекітілген кестеге сай Қызылорда ОПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Күдебаев Нұрбол Алмасұлы және Қызылорда ҚПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Рысбеков Данияр Болатбекұлы «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, буллинг пен сталкингтің зияны, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың құқықтық салдары, некеге тұруға мәжбүрлеу, адам ұрлау, тыйым салынған заттарды алып жүру жауапкершілігі, құмар ойындарының зардабы, нашақорлықтың алдын алу, интернет-алаяқтық пен «дроппер» ұғымы және оның қылмыстық жауапкершілігі жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екені түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды саналы шешім қабылдауға, құқық бұзушылықтан аулақ болуға және заңды құрметтеуге шақырды. Кездесу ашық форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.