
17 ақпан күні түнгі сағат 01:30 уақытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» тас жолында қызмет атқару барысында «OPEL VECTRA» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік тізгіндеген 26 жастағы азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама ресімделді. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Мас күйінде көлік басқару – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Әрбір жүргізуші жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, өзінің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. перевод на русский