Қызылорда қаласында жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

Қызылорда қаласында жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерімен жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші анықталды. 15 ақпан күні сағат 18:32 шамасында Абай даңғылы бойында жол қозғалысы ережесін бұзған «Lada 2114» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің 18 жастағы азамат екені, сот шешімімен 2026 жылдың ақпан айында қос жалпақ сызықты басып, қарсы бағытқа шығып көлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда ол заң талаптарын елемей, қайтадан рульге отырған. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес (көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады) әкімшілік хаттама рәсімделді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. 📍Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.