
Қызылорда облысы Полиция департаментінде барлық басқарма мен бөлімдердің жеке құрамының қатысуымен жоспарлы арнайы даярлық сабағы ұйымдастырылды. Сабаққа департаменттің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бисен Бағлан Серікбайұлы төрағалық етті. Арнайы даярлық барысында қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған үш негізгі бағыт қамтылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы өзгерістер мен кадр саясатына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Баяндамалар барысында қолданыстағы заңнама талаптары нақтыланып, қызметтік тәжірибеде кездесетін мәселелерге талдау жасалды. Қатысушылар тақырыптар бойынша пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай арнайы даярлық сабақтары полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын нығайтып, қызметтік міндеттерін сапалы әрі жауапкершілікпен атқаруына ықпал етеді.