
2026 жылғы 10 ақпан күні Жаңақорған ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, 2008 жылы туған қызы 8 ақпан күні үйінен шығып кеткен және қайта оралмаған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімнің Астана қаласында жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері оны дер кезінде тауып, бөлімге жеткізді. Қазіргі уақытта жасөспірім ата-анасына аман-есен тапсырылды. Ата-анасы полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың жүріп-тұруын бақылауды және қауіпсіздік талаптарын түсіндіруді ескертеді. Кез келген құқық бұзушылық немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу полицияға хабарлау маңызды.