Сыйлық аламын деп сан соғып қалмаңыз: ІІМ азаматтарды алаяқтан сақ болуға шақырады

Сыйлық аламын деп сан соғып қалмаңыз: ІІМ азаматтарды алаяқтан сақ болуға шақырады

Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығады. Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады.

⚠️

 Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

👮‍♂️ ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

🛒

 тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;

🔗

 әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;

💸

 шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;

📱

 сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз; бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;

💳

 төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;

🔒

 жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.

✨

 Мереке тек қуаныш сыйласын. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбанына айналмаңыз.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП