
Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамы теміржол вокзалында чемпионатты жеңіспен аяқтаған әріптесін күтіп алды. 8 ақпаннан бастап Қарағанды қаласында самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған үздік спортшылар жоғары деңгейдегі тартысты бәсеке көрсетті. Жарыс барысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы, полиция лейтенанты Алтай Дінмұхаммед Қайратұлы сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол самбо күресінен «Спорт шебері» атағын алды. Салтанатты қарсы алу шарасында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы жеңімпазды құттықтап, алдағы қызметі мен спорттық жолында толағай табыс тіледі. Әріптестері де құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. 💪 Спорттағы жетістік – қызметтегі тәртіп пен табандылықтың айқын көрінісі!