ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙДТЕР ЖАЛҒАСУДА

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙДТЕР ЖАЛҒАСУДА

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының тапсырмасына сәйкес, қала аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде.

Рейд барысында саябақтар, компьютерлік клубтар, ойын-сауық және қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ көпшілік жиналатын өзге де аумақтар қамтылды. Іс-шара кезінде кәсіпкерлік нысан иелеріне алкоголь өнімдерін сату талаптары, санитарлық тазалық нормаларын сақтау қағидалары және кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамалық шектеулер жан-жақты түсіндірілді.

Аталған профилактикалық шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов, прокуратура өкілдері, Қызылорда қалалық полиция басқармасының және білім бөлімінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен белсенді ата-аналар қатысты.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.