
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Дәуіржанұлы Асхат 2026 жылдың 10 ақпан күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің қызметкерлері мен студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде тұлғаларға банк картасының мәліметтерін бермеу секілді сақтық шаралары кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, сақтық шаралары көрсетілген арнайы «Жадынама» таратылып, интернет-алаяқтықтан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. 🔐 Полиция азаматтарды сақ болуға және күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.