
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дрондарды пайдалануда. Жаңа форматта жұмыс істеп жатқан сақшылар дауыс ұлғайтқышы мен LED жарық шамдарымен жабдықталған 4 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануда. Дрондар қала аумағында әуеден бақылау жүргізіп: – қоғамдық тәртіпті сақтауға; – дауыс ұлғайтқыш арқылы тұрғындарды тазалыққа шақыруға; – қараңғы көшелер мен аулаларды жарықтандыру арқылы қылмыстың алдын алуға; – жол қозғалысы кезінде құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл – заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жаңа дрондар полиция қызметінің жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруда.