Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Бауыржан Зинабдинович Саулебековтің төрағалығымен тергеу, анықтау және жедел-криминалистика құрылымдарының жас мамандарына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және заң талаптарын қатаң сақтау.
Семинар барысында Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Асылбек Серікұлы Бексейтов азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, тергеу сапасын арттыру және оқиға орнын қарау кезінде кемшіліктерге жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, анықтау және жедел-криминалистика бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Семинар қорытындысымен қатысушыларға нақты тапсырмалар беріліп, ІІМ айқындаған басым бағыттар аясында жұмысты күшейту міндеттелді.