
Байқоңырлық Лидия Анатольевнаның оқиғасы уайымға, сабыр мен үмітке толы шынайы оқиға.
Лидия Анатольевна Қызылорда қаласында туып - өскен. 1980 жылы ол Украинаға кетіп, онда отбасын құрған. Сол жылдары ол алған жалғыз құжат Кеңес Одағының үлгісіндегі төлқұжат болды. Бірақ төлқұжаты жоғалған Лидия Анатольевна іс жүзінде оның жеке басын растайтын құжатсыз қалды.
1993 жылы ол Қазақстанға тұрақты тұру үшін көшіп келеді. Осы сәттен бастап оның өмірінің ең қиын кезеңі басталды. Ондаған жылдар бойы Лидия Анатольевна жеке басын куәландыратын құжатсыз күн кешеді. Құжат жоқ – медициналық көмекке, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік пен ертеңгі күнге сенімділік жоқ.
Арада жылдар өтіп, азаматшаға полиция қызметкерлері көмекке келеді. ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметі бөлімшесінің және «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы заңгерлерінің көмегімен Лидия Анатольевна ұзақ жылдар бойы күткен құжатын ресімдеп, қолына алды.
Бүгін Лидия Анатольевнаның қолында жаңа жеке куәлік. Біреу үшін бұл жай ғана құжат, ал ол үшін – үміт пен сенімнің бастауы.
Лидия Анатольевнаның тарихы - бұл мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өзара ынтымақтастығы адамдарға құқықтарын қорғап, жаңа, толыққанды өмір бастауға көмектескендігінің айқын мысалы.