Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің төрағалығымен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына бейнеселекторлық байланыс арқылы еліміздің барлық өңірлері қатысты. Атап айтқанда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы кеңес мүшелерімен бірге отырысқа қатысты. Отырыс барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың бекітілгені атап өтілді. Аталған жоспарды әзірлеу кезінде азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары ескерілген. Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты жандандыру, атқарылған жұмыстардың нәтижелері үшін жеке жауапкершілікті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.