Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған ұрлық қақарсы бағдарламаны» іске асыру бағытындағы ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазалы ауданының аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру, мал ұрлықтарының алдын-алу, ашу, мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыскерлер мен қылмыстық топтарды құрықтап жауапкершілікке тарту мақсатында, жұмыстар жүргізілуде.
Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын (ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлер) тарта отырып, мал бордақылау, ет өнімдерін қабылдау-өңдеу-сату орындарына, мал базарларға және өзгеде ықтимал орындарға, тасымалдаушы автомашиналарды тексеру рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылып, тиісті құжатсыз ауыл шаруашылық жануарларын және ет өнімдерін тасымалдау деректері бойынша жауапты тұлғаларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабында қаралған жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.