Қызылорда облысы Полиция департаментінің мұражай қоры саналы ғұмырын ішкі істер органдарына арнаған ардагер Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлының жеке экспонаттарымен толықтырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің мұражай қоры  саналы ғұмырын ішкі істер органдарына арнаған ардагер Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлының жеке экспонаттарымен толықтырылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің мұражай қоры саналы ғұмырын ішкі істер органдарына арнаған ардагер Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлының жеке экспонаттарымен толықтырылды. Жаңа жәдігерлер қатарында медальдар, фотосуреттер және ардагердің жеке заттары бар.
Бұл шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы ардагердің туған-туыстары, әріптестері мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Жиын барысында ардагердің ішкі істер саласындағы көпжылдық еңбегі ерекше аталып, марапаттары музей архивіне тапсырылды.
📜 Серікбол Қуатбайұлы қызмет жолын 1980 жылы бастаған. Ол қылмысты іздестіру саласында, қала және облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосты. 2008 жылы «полиция полковнигі» арнаулы атағымен зейнеткерлікке шықты.
🎖 Еңбек жолында «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен, «ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері», «Үздік қызметі үшін» және өзге де төсбелгілермен марапатталған.
🤝 Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық қызметтен қол үзбей, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы ретінде жас қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға үлес қосты.
Музейге тапсырылған жәдігерлер ардагердің өмір жолы мен ерлікке толы еңбегін айқын көрсетіп, ел тыныштығы жолында адал қызмет еткен ардагердің өнегелі өмір жолын дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі болмақ.