«Қауіпсіз аула» іс-шарасы аясында мас күйде көлік жүргізгендер анықталды

«Қауіпсіз аула» іс-шарасы аясында мас күйде көлік жүргізгендер анықталды
Қызылорда облысы аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған 4 жүргізуші анықталды.
⚖️ Сот шешімімен аталған азаматтар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
❗ Мас күйінде көлік жүргізу — жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретін, заңмен қатаң жазаланатын құқық бұзушылық.