
Аудандарға іссапар жалғасын тапты. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы Жалағаш ауданының полиция бөлімінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты және бөлімнің жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жалағаш ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Баймағанбетов Мақсат есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Сондай – ақ жедел-қызметтік жұмыстар қорытындысы және жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу мәселесі талқыланды. Өз кезегінде Департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің барлық салаларына жеке тоқталып, нақты нұсқаулар берді. Әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі туралы ескертіп, оларды сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, елге адал қызмет етуге шақырды.