
Бүгін Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы аудандық полиция бөлімінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Департамент бастығы Ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі тапсырмаларына ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. «Ішкі істер министрі өңірлік департаменттер алдына маңызды міндеттер қойды. Соның бірі — елімізде азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру» деп атап өтті департамент бастығы. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының 2025 жылы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. «Аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар күшейтіліп, қылмыстардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда» деп баяндады Қармақшы ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әліп Қазыбек. Аталған бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп», «Адал полицей» кең ауқымды алгоритмі аясындағы бастамалармен тығыз байланысты. Бұл шаралар азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және полиция қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған.