
Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында қараша айының 17-19 күндері аралығында облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжатсыз мал тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың бар-жоқтығын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал союға арналған орындар тексерілуде.