
21 қазанға қараған түні сағат 00:13 шамасында "102" арнасына Ә.Бөкейхан көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құтқарушылармен бірге баспалдақ арқылы терезеден 59 жастағы ер адамды өрт шарпыған пәтерден шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Полицейлер өзге пәтер тұрғындарын эвакуациялап, оқиға орнында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етті.
Үй тұрғындары дер кезінде көмек көрсеткені үшін полицейлер мен құтқарушыларға алғыстарын білдірді.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ