Қызылорда облысындағы ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейі (рейтингі)

Қызылорда облысындағы ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейі (рейтингі)

 «2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді. Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Қызылорда полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді. Хабарламалардың басым бөлігі мына ойын- сауық орындарынан келіп түскені анықталды:  "Мак"кафесі – 54, "Айбек " кафесі - 33, " Золотая рыбка" кафесі – 31, «Дубай» түнгі клубы – 30, "The One" түнгі клубы– 29, "Кипчачка" кафесі – 27, " Ергош" кафесі - 27, "Элегия" кафесі-26, "Винни-Пух" кафесі - 21,"Форвест" кафесі -17, "Дашосай" кафесі - 15.

Жыл басынан бері "102" операторының пультіне 273 көңіл көтеру орындарынан 965 хабарлама түсіп, 450 әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, 18 қылмыстық іс қозғалды.