Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасының 3 күнінде мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасының 3 күнінде мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес 12-14 қыркүйек облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.
Үш күнде 1075 әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық ҚР ӘҚБтК-нің /434 бабы/ - 26, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу /440 бабы/ - 86, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің /612/3бөлігі/- 9 дерегі, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың /608-бап/ - 13 дерегі , кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру /442-бап/ - 150 дерек тіркелді. Жалға берілетін 87 пәтер тексерілді.
Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы Департамент бастығының қатаң бақылауында болды.