Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамамандандырылған мекемесінің инспекторы және Шиелі АПб-нің ЖПҚб-нің Табиғат қорғау полиция тобымен 13 қыркүйек күні Қызылорда облысы Шиелі ауданының далалық жерінде «УРАЛ» мотокөлігі тоқтатылған.
Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан (люлька) жарық шам (прожектор), атылған 12 қоян, 1 ұңғылы 16 калибрлі ІІО-да тіркеуде жоқ аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдікті ретінде 32 – 37 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды табиғат қорғау заңнамаларын бұзбауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру әрекеттері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.