Қызылордада дүкендерден алтын ұрлаған 49 жастағы әйел ұсталды

Қызылордада дүкендерден алтын ұрлаған 49 жастағы әйел ұсталды

Қызылорда қаласында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды.
Оқиға Қызылорда қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болған. Күдікті зергерлік дүкенге кіріп, сатушыдан бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған. Содан кейін сатушыны алаңдатып, алтын бұйымдарды жасырын түрде алып кеткен.
Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде оның қала аумағында жасалған тағы үш ұрлыққа қатысы бары анықталды.
Қазіргі уақытта аталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Күдікті қамауға алынды.