Қызылорда облыстық ПД ЖҚАЖ инспекторы Кемелбек Қабланбек Каир қаласында (Египет) өткен каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Полиция аға лейтенанты спортпен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Ол 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы атанған. Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы чемпионды әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды, сондай-ақ алдағы спорттық жолына сәттілік тіледі.