
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде «Аула ішінде кездесу» акциясы өтуде.
Тәртіп сақшыларымен өткізілген шара барысында азаматтар полициямен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік алды.
Тұрғындар қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, жол белгілерін орнату, аулаларды жарықтандыру және камера орнату, сондай - ақ, коммуналдық мәселелер бойынша сауалдар қойды. Полицейлер өздеріне қатысты сұрақтардың барлығына жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.
Мұндай шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларды толғандырған мәселелер бойынша кедергісіз тікелей полиция қызметкерлерінен мағлұмат алуға мүмкіндік береді.