Қызылордада «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен флешмоб өтті

Қызылордада «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  флешмоб өтті

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай айлық аясында және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыс көлеміндегі мектеп жанындағы лагерьлер «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен есірткіге қарсы флешмобқа қатысты.

Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар мен жастарды салауатты өмір салтына және олардың бос уақытын тиімді пайдалануға баулу. Флешмобқа қатысушылар өздерінің билері арқылы есірткіге деген теріс көзқарасты көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.  7 аудан мен Қызылорда қаласындағы мектеп жанындағы лагерьлерде де есірткіге қарсы флешмобтар өтті.