Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция және Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлері ағымдағы жылғы 2 – 10 маусым аралығында аудандық полиция бөлімдеріне барып, тіркелмеген мопедтерді тіркеп заңдастыру үшін қарап-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынатындығын және оны басқару үшін А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда басқаруға рұқсат етілетіндігін түсіндірді.