️Қиындығы мен қатері мол саладағы еңбек жемісін беретіні анық. Халықтың игілігі үшін осы саланы жүрек қалауымен таңдаған Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімінің Анықтау тобының аға анықтаушысыполиция капитаны Бақберген Абай Бекжанұлы. Таңмен таласа тұрып, ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін қызметке кірісетін полиция қызметкерінің әр күні – қауіп пен жауапкершілікке толы. Бақберген Абай 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.23.08.2018 жылы Ішкі істер органдарына қабылданып, бүгінгі күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімінің Анықтау тобының аға анықтаушысы лауазымында қызмет атқарып келеді.Қызмет атқару барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының, аудан әкімі және Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен, сонымен қатар «Тергеу қызметіне 60 жыл» медалімен марапатталған.
2019 жылдың маусым айында ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткен «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық форумына» қатысып, үздік атанған. Таңдаған кәсібін мақтаныш емес, парыз санайтын тәртіп сақшысы бүгінде абыроймен ел тыныштығын қорғауда.