Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сурет байқауы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сурет байқауы өтті

«26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне»  орай ұйымдастырылып жатқан айлықтың шеңберінде және «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Атамекен» балалар ауылы мен «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында «Мен өмірді қалаймын!»  тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Жеткіншектер өз суреттерінде есірткісіз өмір сүру деген сұраққа жауап беруге тырысты. Қойылған сұраққа көптеген жауаптар алынды, шығармашылық көрме экспозициясы 28 балалар жұмысынан құрылды. Барлық жас суретшілер сыйлықтар мен алғыс хаттар алды. 

Байқауды өткізуге «Қызылорда еріктілері» мен «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясы» қоғамдық бірлестіктері тартылды.