Қызылордалық полицейлер балаларды қуантты

Қызылордалық полицейлер балаларды қуантты

1 маусым - Халықаралық балаларды корғау күні!

Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз” - деп атап өткен болатын. Сондай – ақ, балалардың тәрбиесі мен өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан қызылордалық полицейлер Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған  Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек жас өрендерді мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.          

«Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.  

Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын демекпін. Сіздерге мықты денсаулық пен бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын» деді О.Омаров.

Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында арнайы ұйымдастырылған мерекелік шара барысында балалар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің құралдарымен жəне техникаларымен жақынырақ танысты.

Бұдан бөлек, балаларды шығармашылыққа баулу, олардың қиялдарын жүзеге асыру арқылы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылды. Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әсем суреттер салынды.

Қатысушылардың көпшілігі шығармашылықтарын таныта отырып, өздерінің айқын қабілеттерін көрсетті. Суреттер жарқын, ерекше, ең бастысы мейірімді болды. Барлық балалар суретке деген өнерлерін көрсетті.

Бүгінгі іс-шараға аниматорлар шақырылды, олар балалар арасында конкурстар мен эстафеталар өткізді.

Тəртіп сақшыларымен арнайы балалар үшін ұйымдастырылған бүгінгі мерекелік шара барысында балалар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.  Бұл мереке балалар үшін жарқын және есте қаларлық күн болды. Балалар полицейлерге алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.   

Поздравляя вас с этим светлым праздником, желаю вам яркого будущего, мирного неба над головой, крепкого здоровья и счастливого детства. Пусть на ваших лицах всегда сияет радость и улыбка, а в сердцах царит доброта и милосердие», — отметил О. Омаров.

В рамках специально организованного детского праздника участники смогли поближе познакомиться с работой полиции, оборудованием и техникой спецподразделения быстрого реагирования.

Кроме того, с целью развития творческого потенциала и воображения у детей, организован конкурс рисунков. Дети представили свои работы на заданную тему, создав яркие и красивые картины.

Многие участники продемонстрировали свои творческие способности. Рисунки отличались яркостью, оригинальностью и, главное — добротой. Все дети показали свой талант в изобразительном искусстве.

На праздник были приглашены аниматоры, которые провели для детей конкурсы и эстафеты.

Во время мероприятия, организованного полицейскими, ребята смогли пообщаться с сотрудниками полиции и задать интересующие их вопросы. Этот день стал ярким и запоминающимся для детей. В завершение они поблагодарили полицейских и сделали памятные фотографии.