ҚР ІІМ-нің 30.05.2016 жылғы №583 бұйрығы, ҚР ІІМ-нің 30.03.2020 жылғы №267 бұйрығы және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР 29.01.2013 жылғы №73-V Заңы.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Паспорт азаматтарға кез келген жасында алуға болады. Осы құжаттар 10 жыл мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарында жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.