Шеру акциясы өтті

Шеру акциясы өтті

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай өткізіліп жатқан айлық аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы шеру акциясын ұйымдастырды.  Акцияға облыстың білім беру мекемелері қатысты. Аталмыш шара Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Жаңақорған аудандары бойынша білім бөлімдерімен бірлескен түрде ұйымдастырылды.

Бұл акция балалардың, жасөспірімдердің және жастардың психоактивті заттардың таралуы мен қолданылуына теріс көзқарасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, есірткіден бас тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндалған транспаранттарды алып, колонна болып өтті. Шеруден кейін Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы ұйымдастырған есірткіге қарсы сайыстардың жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті.