Қостанай облысының Полиция департаменті Наурыз мерекесін атап өтті

Қостанай облысының Полиция департаменті Наурыз мерекесін атап өтті

Қостанай облысының Полиция департаментінде дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған жарқын және әсем мереке ұйымдастырылды.

Ауа-райының бұлтты болуына қарамастан, полиция қызметкерлері әріптестері мен қонақтары үшін нағыз мереке ұйымдастырды, бұл департамент өміріндегі айтулы оқиға болды.

Наурыз қарсаңында "Наурыз думан - 2025" байқауы ұйымдастырылып, оған түрлі этно-ауылдардың атынан қатысқан жеті команда бақ сынады. Байқау салт-дәстүрдің, мәдениеттің және ұйымшылдықтың нағыз мерекесі болды, оның аясында қызметкерлер өздерінің шығармашылығы мен ұлттық әдет-ғұрыптарын көрсетті.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин өзінің құттықтау сөзінде барлығын мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық тіледі.

Әр түрлі этностардың атынан шыққан командалар өздерінің ұлттық әндерін, билерін орындаудағы таланттарын көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасының мүшелеріне өз халықтарының дәстүрлі тағамдарын ұсынды.

Мәзірде өзбек палауы мен тандырдан жасалған самса, татардың чак-чак тағамы, орыс тұшпарасы мен құймағы, украиндардан шыққан торай еті, қазақтың бешбармағы, әзірбайжан ұлттық тағамдары және т.б. болды.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі номинацияларға ие болды:
* "Наурыз арулары" - қазақ ұлтының командасы
* "Өнерлі жігіттер" - қырғыздар командасы
* "Үздік ұлттық костюм" – әзірбайжандар командасы
* "Үздік ұлттық тағам" - өзбектер командасы
* "Өнегелі дәстүр" – татарлар командасы
* "Ең ұйымшыл команда" – орыстар командасы
* "Креативті команда" – украиндар командасы

Жүлделі орындар да анықталды. Өзіндік ерекшелігі, ауызбіршіліктері, декорациялары мен костюмдері, сондай-ақ ұлттық тағамдар ескерілді.

Үшінші орынды өзбектер командасы иеленді. Оған Қостанай қаласы Полиция басқармасының, ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының және ПД Екінші арнайы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Екінші орын Тергеу басқармасының, ПД Әкімшілік полиция басқармасының және ПД Құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерінен тұратын орыстар командасына бұйырды.

Байқаудың жеңімпаздары украиндықтар болды. Олардың командасында Жылдам қимылдау арнайы жасағы, Тылдық жабдықтау басқармасының және ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері болды.

Ұйымдастырушылар іс-шара тимбилдинг форматында өткенін атап өтті, өйткені барлық қатысушылар өз қойылымдарын ынтамен дайындады, бұл достық байланыстарды нығайтуға және әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді.

Наурыз Қостанай облысының Полиция департаментінде жұмыс істейтін халықтардың мәдени алмасуының, құрметінің және танылуының жарқын үлгісі болды.