Қостанай облысы ПД полицейлері террористік қатерлер кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түсіндіруде

Қостанай облысы ПД полицейлері террористік қатерлер кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түсіндіруде

Облыс ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Қостанай қаласы мектептерінің оқушыларымен сабақ өткізді.
Террористік қауіп жағдайында өзін қалай ұстау керектігі туралы Дружба жалпы білім беретін мектебінің, сондай-ақ, облыс орталығының №5, №16, №21, №28, №30, №115 мектептің оқушылары мен ұстаздарына айтылды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жаза мен құқықтық жауапкершілік қағидаттары және білім беру объектілерінде террористік қатерлер болған жағдайда іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

-Оқу орнының аумағында жарылғыш құрылғы түріндегі заттар табылған жағдайда күдікті құралдарға қол тигізуге және оған жақындауға қатаң тыйым салынады. Мектеп әкімшілігіне немесе полицияға хабарлау қажет,-деп атап өтті облыс ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Амангелді Бапинов.

Мектеп басшылықтарына білім беру ұйымдарын инженерлік-техникалық нығайтуды ұйымдастыру қажеттілігі туралы талап түсіндірілді.