Қостанайда ІІМ кубогы сарапқа салынған волейболдан турнир аяқталды

Қостанайда ІІМ кубогы сарапқа салынған волейболдан турнир аяқталды

Облыс орталығында генерал – майор Ғазиз Сұлтановтың туғанына 100 жыл толуына орай волейболдан турнир аяқталды.

Жабылу салтанаты “Динамо” спорт кешенінің қабырғасында өтті. Онда жеңімпаздар анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бас жүлде үшін 8 команда бәсекеге түсті.

ҚР ІІМ ауыспалы кубогынан басқа, жүлдегерлер 5 номинацияға ие болды:”Үздік байланыстырушы” - ҚР ІІМ Асқар Ибрагимов, “Орта шептеге үздік ойыншы” - ҚР ТЖМ Олжас Құрманбаев, “Үздік либеро” - ҚР ҰҚК ШҚ Артур Патрушев, “Үздік ойын аяқтаушы” - “Динамо” командасының ойыншысы Амаркулов Медет және “Үздік бұрыштан ойнаушы” - Роман Браун ҚР ІІМ.

Жарыс қорытындысы бойынша финалдық ойында “Динамо” командасын жеңген ҚР ІІМ командасы жеңімпаз атанды.

Қорытынды турнир кестесінде қола жүлде ҚР ТЖМ командасына бұйырды.