Сарыкөл ауданының полицейлері оқушыларға арналған концерт ұйымдастырды

Сарыкөл ауданының полицейлері оқушыларға арналған концерт ұйымдастырды

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының" соңында Сарыкөл полиция бөлімінің бастамасымен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аудан мектептерінің оқушыларына арналған концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, апта бойы өткізілген бірнеше байқаулардың қорытындысы шығарылды.

"Қамқор Ана" байқауында "Краснодон жалпы білім беретін орта мектебі" КММ 2-сынып оқушысының анасы Татьяна Конева үздік атанды.

"Жүргізушіге хат!" конкурсының үздігі Новоурицкий жалпы білім беретін орта мектебінің" 2 сынып оқушысы Анжелика Плеханова атанды.


"Студенттік идеялар мен бастамалар - қауіпсіз қозғалыс үшін" байқауында бірінші орынды "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің" студенттері Сарбасов Рамазан мен Сарбасов Сүлеймен бөлісті.


Балаларды жолдарда дұрыс мінез-құлыққа үйрету ерте жастан басталуы керек. Біздің балаларымыз – бізде бар ең маңызды, ең баға жетпес байлық Біз оларды қорғап, үнемі қамқорлық жасауымыз керек. Оқушыларымыздың өткізген акциялары жүргізушілерді жолдардағы мінез - құлықтары туралы ойландырады деп үміттенеміз, - деп атап өтті Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мереке Жанзақов.

Концерт барысында балалар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО алдын алуға бағытталған бірнеше әлеуметтік роликтерді тамашалады.

Мерекелік концерт көрмемен жалғасты, онда полицейлер балаларға арнайы қорғаныс құралдарын - қалқандарды, дулығаларды , кісендерді, сондай-ақ Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын көрсетті.


Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Талғат Жүсіповтың айтуынша, мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары оқушыларға болашақта мамандық таңдауды анықтауға көмектеседі және жастардың қоғамда дұрыс, қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Іс-шараның ең кішкентай қатысушылары шыққан кезде полицейлер сыртқы киімдеріне автокөлік жарық шамдарына шағылысатын фликерлерді жапсырды.