
Осыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 20 наурыздағы бұйрығымен патрульдік полицияның жеке батальонының құрамында арнайы мақсаттағы жедел қимылдайтын жасақ құрылды.
Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-ойын-сауық, басқа да бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде ішкі істер органдарына, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қорғау жөніндегі жүктелген аса маңызды міндеттерді орындайды. Бөлімшенің жеке құрамы күн сайын көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қызмет атқарады.
Бұл жерде физикалық тұрғыдан мықты, спорттық және төзімді жігіттер ғана емес, қыздар да қызмет етеді. Мысалы, Қостанай облысы полиция департаменті ЖҚАЖ инспекторы Сая Әуелбекова бірнеше рет республикалық және халықаралық жарыстарда үздік атанды. Ол сондай-ақ еркін күрес, панкратион және әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша спорт шебері.
Қостанайлық ЖҚАЖ қызметкерлерінің спортқа деген құлшыныстары өте мықты. Қызметкерлер республикалық және халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр. Мұнда көптеген танымал спортшылар жұмыс істейді. Мысалы, кикбоксингтен спорт шебері Айбек Мұқашев, дзюдодан спорт шебері Жәнібек Еркебұлан. Жекпе-жек, панкратион, қоян-қолтық ұрысы және панкратион бойынша спорт шебері Аманбек Жаманқараев бар.
ЖҚАЖ қызметіне екінің бірі кіре бермейді. Себебі мұнда іріктеуге жоғары және қатаң талаптар қойылған.
- Әскерде қызмет еткен, жоғары заңгерлік білім, жақсы спорттық дайындық, мықты денсаулық болуы маңызды.Адамгершілік қасиеттерге, адамдармен қарым - қатынас жасау қабілетіне көп көңіл бөлінеді, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ бөлімшесінің командирі Жәнібек Мұхамеджанов.
Қостанай облысы ПД басшылығы құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін осы маңызды бөлімшеге үлкен көңіл бөледі.