Қамысты ауданының патрульдік қызметіне жаңа автокөлік кілті табысталды

Қамысты ауданының патрульдік қызметіне жаңа автокөлік кілті  табысталды
ҚР ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Бұл бағытта патрульдік полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жетекші рөл атқарады.
 
Облыс аудандарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қамысты ауданының полицейлеріне жаңа патрульдік автомашина бөлінді.
 
19 қарашада Қамысты ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Мусин барлық қажетті талаптарға сай "Chevrolet Cobalt" маркалы жаңа автокөліктің кілтін патрульдік полиция тобы қызметінің инспекторы полицияның кіші лейтенанты Жалғас Әубәкіровке табыс етті.
 
 
- Аудан аумағында республикалық маңызы бар Қостанай-Қарабұтақ тас жолы өтеді, оны патрульдеу тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ауданда қылмыстың екі есеге жуық төмендеуі байқалады. Жаңа көлік азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Жалғас Әубәкіров.
 
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қостанай облысы ПД патрульдік полициясына соңғы екі айда 44 жаңа автокөлік тапсырған болатын.