Қостанай облысы ПД бастығы облыс орталығы полициясының жеке құрамымен кездесті

Қостанай облысы ПД бастығы облыс орталығы полициясының жеке құрамымен кездесті

Қазіргі кезеңде ішкі істер органдарының алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылған: ауыр қылмыстардың жолын кесу, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылыққа, синтетикалық есірткілердің таралуына, интернет және телефон алаяқтықтарына мұқият назар аудару.

Әрбір полиция қызметкері осы талаптар мен қиындықтарға сай болуы керек. Осындай тапсырмамен Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Қостанай қаласы Полиция басқармасының жеке құрамына жүгінді.

- Сіздер облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қорғайсыздар. Бүгінде қалалық полиция бөлімшесі материалдық-техникалық жағынан едәуір нығайтылды, қызмет өткеру үшін қажетті жағдайлар жасалды. Осының арқасында Қостанайда "Қадамдық қолжетімділіктегі полиция" қағидаты табысты іске асырылуда", - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Облыс орталығында тұрақты жедел жағдай қалыптасқан. Көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстар саны азайды.

– Ішкі істер органдары үшін тағы бір бағыт-халықпен жұмыс істеудің жаңа форматтары. Мақсаты-азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру. Бүгінде сіздердің жұмыстарыңыздың сапасы туралы білу үшін әлеуметтік желілерді ашу жеткілікті. Соңғы уақытта адамдар, әсіресе, патрульдік полицейлерге алғыс айтып, жиі жүгінетінін атап өтемін, - деді ПД бастығы.

Ведомство басшысының пікірінше, бұл полиция мен халықты байланыстырудың тиімді арнасы. Жол қауіпсіздігі бағыты бойынша жеке мәселе белгіленді.

- Ауа-райының өзгеруіне байланысты алдын алу шаралары күшейтілуі керек. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін. Мысалы, тек соңғы тәулікте 30-дан астам ЖКО тіркелді, онда зардап шеккендер болған жоқ, бірақ материалдық залал келтірілді. Бұл дегеніміз, жүргізушілер қыс мезгілінде автокөлікпен жүру кезінде қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын елемейді, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Қостанай облысы ПД бастығы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.